Әлем жаңалықтары
Қазақстандық әнші «Славян базары» байқауында жүлдегер атанды

Фото: инстаграм
Қазақстандық әнші Алмагүл Батталиева «Славян базары» байқауында Гран-при жүлдесін жеңіп алды, деп хабарлады qandastar.kz
Беларусьтегі дәстүрлі «Славян базары» эстрадалық әншілер байқауының 2025 жылғы нәтижелері жарияланды.
Биылғы байқауда Қазақстан атынан қатысқан Алмагүл Батталиева ең жоғары ұпай жинап, Гран-при иегері атанды. Ол қазылар алқасынан 137 балл алып, финалда «Вечность» әнін тебірентерлік түрде орындады.
Айта кетейік, Алмагүл — Жетісу облыстық филармониясының әншісі. Байқау барысында ол әлемдік және ресейлік орындаушылардың вокалдық жағынан күрделі хиттерін шебер орындап, қазыларды ерекше дауысымен және сахнадағы харизмасымен баурап алды.
Толық нұсқасына гиперсілтеме беруді ұмытпаңыз: https://turkystan.kz/article/263929-qazaqstandyq-ansi-slavian-bazary-2025-baiqauynyn-gran-pri-iegeri-boldy