Білім
Қазақстандық оқушы шахматтан Азия чемпионы атанды

Фото: gov.kz
Қазақстандық оқушы Алдияр Аңсат шахматтан Азия чемпионы атанды, деп хабарлайды qandastar.kz
Алматы қаласында Өзбекстан, Түрікменстан, Тәжікстан, Қырғызстан, Ауғанстан мен Қазақстан елдерінің ең үздік шахматшылары жиналды.
Елорда әкімдігінің мәлметінше, Нью-Делиде өтетін әлем кубогына жолдама алу мақсатында ұйымдастырылған тартысты бәсекеде Астана қаласының Т.Жүргенов атындағы №70 мектеп-лицейінің 10-сынып оқушысы Алдияр Аңсат қатысып, абсолютті жеңімпаз атанды.
Он бес жастағы шахматшы енді Үндістанда өтетін әлемдік чемпионатқа қатысады.