Жаңалықтар

Қазақстандық продюсер 5 жылға сотталды

Фото: Ulysmedia.kz

Бұрынғы мәдениет және спорт вице-министрі Ерлан Қожағапановтың ісімен байланысты SUCCESS K ірі ивент-агенттігінің басшысы Ляззат Көккөзоваға сот үкімі шықты, деп хабарлайды  qandastar.kz     Ulysmedia.kz-ке сілтеме жасап.

КӨККӨЗОВАҒА ҚАНДАЙ АЙЫП ТАҒЫЛДЫ

Қожағапанов ісіне қатысты тағы бір адам Ләззат Көккөзоваға 2018 жылы Петропавлда өткен Қазақстан мен Ресейдің XV өңіраралық ынтымақтастық форумын ұйымдастыру кезінде бюджет қаржысын жымқырды деген айып тағылды.

Сот үкімі бойынша Көккөзова бес жылға бас бостандығынан айырылды.

КӨККӨЗОВАНЫҢ ІСІ ТУРАЛЫ

Қазақстандағы креативті индустрияда Ляззат Көккөзованың есімі кеңінен танымал. Ол президент қатысқан көптеген ірі шараларды ұйымдастырған, сондай-ақ 2000-жылдардың басындағы ең танымал тележобалардың бірі – «ХХІ ғасыр көшбасшысы» бағдарламасының негізін қалаушылардың қатарында болған.

Сот процесі басталған кезде оның жасы 61-де еді. Ерлан Қожағапановпен салыстырғанда, тергеу барысында Ляззат Көккөзова тергеу изоляторында емес, денсаулығына байланысты үйқамақта болды.

Алайда айыптаушы тараптың нұсқасына сәйкес, Көккөзоваға Қожағапановқа қарағанда ауыр жаза қаупі төніп тұр: оған мүлкін тәркілеу және ұзақ мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы сұралған. Қазақстанда танымал PR-маманның пікірінше, тергеушілер Көккөзованы құрал ретінде ғана пайдаланған.

– Мен де, отбасым да бұл істе тек “құрал” болдық. Тергеу үшін Қожағапановты сотқа тарту жолындағы мүмкіндік болдық. Бұл арқылы олар президентке, кейін қоғамға «жемқорлықпен ымырасыз күресіп жатқанын» көрсеткісі келген сияқты. Қазір мұндай “жеңістерді” жария етуге себеп те азайып кетті. Басқа себеп көріп тұрған жоқпын, – дейді Ляззат Көккөзова.

Көккөзованың өзі, күйеуі мен қызына тиесілі барлық банк шоттары бұғатталған. SUCCESS K компаниясының жұмысы тоқтап қалды. Оның айтуынша, жүйкесіне салмақ түсіп, денсаулығы күрт нашарлап, сал ауруына шалдығып қалған.

– Біз мемлекеттен ешқашан көмек сұраған емеспіз. Керісінше, отбасымыз салықты уақытында төлеп, заңды ешқашан бұзған жоқ. Біз мемлекеттен тек бір ғана нәрсе күттік – заң үстемдігі мен қауіпсіздік. Егер оны да қамтамасыз ете алмаса, онда бұл елде өмір сүрудің мәні қандай? – дейді ол күйзеліспен.

Көккөзованың айтуынша, өзін ең қатты күйреткен нәрсе – тергеу барысында куәлардан қысым арқылы “қажетті” жауаптар алынды деген сенім.

– Бұл заңсыз тергеу аясында адам құқығының ойға келетін-келмейтін барлық нормасы бұзылды. Куәлардың барлығы – әйелдер. Олар психологиялық қысымға ұшырады. Тергеушілер қызметтік өкілетін асыра пайдаланып, шектен шыққан әрекеттерге барған. Баламен қорқыту, жыныстық мазмұндағы қудалау, туыстарына зомбылық жасауға доқ көрсету, эмоционалдық күйзеліс пен психологиялық күйретуге жеткізу, жалған іс қозғаймыз деп үркіту – бәрі болды, – деп тізбеледі ол.

Мұндай тергеу тәсілдері туралы ол өз қызметкерлерінен естіген. Оның пайымдауынша, негізгі айыптаушы куә – туризм индустриясы комитеті төрағасының бұрынғы орынбасары Гүлзат Жуаспайева да дәл осындай қысым көріп, жауап берген болуы мүмкін.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close