Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қазақстандық тауық етінен қауіпті бактерия анықталды

Фото: ашық дереккөз

Қазақстаннан Ресейге жеткізілетін тауық етінен өлімге әкелетін листерия табылды, деп хабарлайды qandastar.kz

Ауыл шаруашылығы министрлігінің ветеринариялық бақылау және қадағалау комитетінің мәліметінше, 29 қаңтарда Россельхознадзор «Макинская птицефабрика» ЖШС өнімдеріне қатысты күшейтілген зертханалық бақылау енгізілген.

Мұндай бақылау кезінде тауарлар ЕАЭО аумағында тасымалдана алады, бірақ әрбір партия міндетті тексеруден өтеді.

«Комитет әлі Россельхознадзордан зертханалық зерттеулердің растайтын нәтижелерін алған жоқ. ЕАЭО №94 ережесіне сәйкес, уәкілетті органдар анықталған заңбұзушылықтар туралы барлық мүдделі тараптарды 10 жұмыс күні ішінде хабардар етуге міндетті. Осы жағдайдың себептерін анықтау үшін Ақмола облыстық аумақтық инспекциясы кәсіпорында тексеру жүргізіп, өнім үлгілерін зертханалық талдауға жіберді», – делінген министрліктің хабарламасында.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close