Спорт

Қазақстандық жекпе-жек шебері өзбекстандық қарсыласын 52 секундта құлатты

Қазақстандық аралас жекпе-жек шебері Көшен Ақанов (6–1) Бухара қаласында өткен бахрейндік Brave 103 пен өзбекстандық ATF 27 ұйымдарының бірлескен турнирінде өнер көрсетті, деп жазады qandastar.kz. 

Ол октагонда Өзбекстан спортшысы Сардор Худойбердиевпен (9–3) кездесті. Жекпе-жек үш раундқа жоспарланғанымен, айқас ұзаққа созылмады. Көшен Ақанов қарсыласын небәрі 52 секундта нокаутқа жіберіп, сенімді жеңіске жетті. Нәтижесінде қазақстандық файтердің кездесуі турнир кешінің басты оқиғасына айналды.

Айта кету керек, бұл жеңіс Ақановтың кәсіби мансабындағы жетінші табысы болды.

28 жастағы спортшы биылғы жылдың мамыр айында ресейлік Валерий Гусаровтан жеңіліп қалған еді. Аталған жекпе-жек оның кәсіби карьерасындағы алғашқы жеңілісі ретінде тіркелген.

 

Ұқсас Мақалалар

Back to top button