ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер

Қазақстандықтардың несиесі 18 трлн теңгеге жетті

Оның ішінде 716 млрд теңге несиені төлей алмай жүр, деп хабарлайды qandastar.kz Қаржы мониторингі агенттігіне сілтеме жасап.

Биылғы 1 маусымдағы ақпаратқа сүйенсек, елімізде екінші деңгейлі 21 банк жұмыс істейді. Оның 11-і шетелдің қатысуымен, ал 8-і еншілес банк.

Банк секторының активтері негізінен өтімді активтердің 3%-ға немесе 598 млрд теңгеге өсуі есебінен мамырда 1,6%-ға немесе 853 млрд теңгеге ұлғайып (2024 жылдың басынан бері 3,5%-ға немесе 1,8 трлн теңгеге өсу), 53,3 трлн теңгені құраған.

– Екінші деңгейдегі банктердің өтімділігі жоғары активтері 15,8 трлн теңгені немесе активтердің 29,6%-ын құрады, бұл банктерге міндеттемелеріне толық көлемде қызмет көрсетуге мүмкіндік береді. 2024 жылдың мамырында екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,4%-ға 29,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 5,6%-ға өсу), оның ішінде ұлттық валютада 1,4%-ға 27,2 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 1,8%-ға 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 92,0%-ды құрады,– делінген ХАБАРЛАМАДА.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close