Жаңалықтар
«Қазақстанның халық әртісі»: Әлішер Кәрімов қуанышын жасыра алмады

Әнші Әлішер Каримов президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қолынан алған марапаты туралы айтып, тыңдармандарына шексіз алғысын жеткізді, деп хабарлайды Qandastar.kz ақпарат порталы.
Эстрада жұлдызы кеше өзі үшін тарихи күн болғанын атап өтті.
«Маған «Қазақстанның халық әртісі атағы берілді! Осы жоғары марапатты президентіміздің қолынан алу мен үшін үлкен мәртебе. Бұл марапат, мені қолдаған барша тыңдарманымның және жанашырымның арқасы деп білемін. Сіздерге шын жүректен алғыс айтамын!» — деп жазды әнші Instagram желісіндегі парақшасында.
Желі қолданушылары әнші құттықтап, марапатқа лайық екенін жазып, жылы лебіздерін қалдырған.
Айта кетейік, 20 мамырда президент жарлығымен ұлттық мәдениетті дамытуға және насихаттауға қосқан айрықша үлесі, мәдениет саласындағы аса үздік жетістіктері және Қазақстан Республикасына сіңірген еңбегі үшін бір топ азамат мемлекеттік наградалармен марапатталды.