Жаңалықтар

Қазақстанның қарызы көбейді

Қазақстанның мемлекеттік және мемлекет кепілдік берген жалпы қарызы 33,8 трлн теңгеге жетті, деп жазады qandastar.kz сайты Қаржы министрлігіне сілтеме жасап.

Қарыздың басым бөлігі, яғни, 30,5 трлн теңгесі Үкіметтің қарызы. Оның 22,5 трлн теңгесі ішкі нарықтан алынса, 8 трлн теңгесі сыртқы қарыз есебінде.

Сыртқы қарыздардың жартысына жуығын еурооблигациялар құрайды (4,2 трлн теңге). Сонымен қатар Қазақстанның Халықаралық қайта құру және даму банкіне, Азия даму банкіне, Азия инфрақұрылымдық инвестициялар банкіне және Ресей нарығына шығарылған бағалы қағаздар бойынша қарызы бар.

2025 жылдың бірінші тоқсанында қарызды өтеу мен қызмет көрсетуге арналған шығын 982 млрд теңгеге жетті. Осының әсерінен бюджеттің біраз бөлігі қысқаруда

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close