Жаңалықтар
Қазір АЭС-ке тең келетін балама жоқ – министр
Фото: ашық дереккөз
Үкімет отырысында Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев осылай деп мәлімдеді, – деп хабарлайды qandastar.kz
“Қазірдің өзінде өнеркәсіп, металлургия, көлік, IT, медицина, фармацевтика және ауыл шаруашылығы өнімдерін қайта өңдеу сияқты секторларда жаңа жобаларды іске асыру үшін электр энергиясының едәуір көлемі (шамамен 8 ГВт) қажет. Бұл жобалар жаңа жұмыс орындарын құруға, экономикалық өсуді ынталандыруға және азаматтардың әл-ауқатын арттыруға қабілетті. Алайда олардың дамуы қазір елдегі энергия қуатының жетіспеушілігімен шектелуде.Әлемдік тәжірибе көрсетіп отырғандай, атом электр станциясының құрылысы шығатын қуаттарды ауыстыру және Қазақстанның энергияға тәуелсіздігін қамтамасыз ету үшін жалғыз дұрыс шешім болып көрінеді. Қазіргі кезеңде АЭС балама жоқ.
Атом энергетикасын дамыту үшін бізде барлық қажетті жағдайлар бар екенін атап өткен жөн. Қазақстан өндірілетін табиғи уран көлемі бойынша әлемде бірінші орында және іс жүзінде толық ядролық-отын цикліне ие», – деді министр.