Жаңалықтар

ҚазМұнайГаз: Мұнай өндіру көлемі өсті, бірақ кей жерде қор таусылып жатыр

Фото: ашық дереккөз

Бұл компаниясының 9 айдағы есебінде көрсетілген, деп жазады qandastar.kz atamekenbusiness_qaz-ға сілтеме жасап.

Жалпы компания жыл басынан бері 18 млн тонна мұнай өндіріп, 65% экспорттаған. Өндіріс көлемі өткен жылға қарағанда 3% көп.

Ал газ өндіру көлемі 2,8% артып, 7 млн-нан 7,2 млн текше метрге жеткен.

Қара алтын өндірген компаниялар:

«Өзенмұнайгаз» АҚ – 3 809 мың тонна;

«Ембімұнайгаз» АҚ – 2077 мың тонна;

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ – 2 302 мың тонна;

«Теңізшевройл» ЖШС – 4,296 мың тонна;

North Caspian Operating Company N.V. – 2 306 мың тонна;

Қарашығанақ Петролиум Оперейтинг Б.В. – 798 мың тонна.

«Өсім ең алдымен Дунга кен орнын сатып алу және өткен жылдың соңында Рожков кен орнын іске қосумен, сондай-ақ Өріктау кен орнында жаңа ұңғымаларды іске қосумен байланысты», – деп мәлімдеді.

Компания «қорлардың табиғи таусылуына байланысты» Құмкөл тобындағы кен орындарында мұнай өндіру көлемі төмендегені туралы да хабарлады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close