ЖаңалықтарҚаржы және төлемдер
Келер жылдан бастап штаттан тыс істейтін қызметкерлер декретке шығып, әлеуметтік төлем ала алады
Фото: ашық дереккөз
2025 жылдан бастап келісімшартпен жұмыс істейтін азаматтардың құқығы штаттағы ресми қызметкерлермен тең болады. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Енді жұмыс берушілер штаттан тыс қызметкерлері үшін де әлеуметтік төлемдер аударып, декреттік демалыс, жұмыссыздық бойынша жәрдемақы мен мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төленетін өзге де төлемдерді өтейді.
Бұл жаңашылдық азаматтық-құқықтық сипаттағы шарт бойынша жұмысқа тұрған әрбір қазақстандыққа қатысты. Бастама осыдан 2 жыл бұрын қолға алынған.
Әлеуметтік кодекстегі өзгертулер енді 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап күшіне енуі тиіс. Айта кетсек, әзірге штаттан тыс қызметкерлерге мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан төлемдер аударылмайды.