Жаңалықтар

Кентаулықтар жердің астына түсіп кетеміз бе деп алаңдап отыр

Фото: ашық дереккөз

Кентау тұрғындары 900 гектар жерді қоршап, оны «экологиялық аймақ» деп тануды сұрап отыр. Себебі жер астында суға толған шахталар бар. Адамдар жер опырылып түсіп кете ме деп қорқады. Бұл туралы qandastar.kz KAZ.NUR.KZ-ке сілтеме жасап хабарлайды.

Кентауда суға толған шахталардың маңындағы тұрғындар жердің шөгіп жатқанына шағымдануда. Бір кездері 900 жүз гектардан астам аумақта қорғасын, барит және мырыш өндірілген. Бүгінде бос шахталар суға толып кеткен. Жергілікті тұрғындар мемлекеттен аумақты экологиялық аймаққа жатқызуды сұрайды. Олар бұл мәселенің шешілуін 12 жыл күтіп келе жатқан көрінеді.

«Облыс, қала әкімдігіне қанша рет хабарластық. Жер беті шөгіп барады, адам да, жан-жануар, мал да түсіп кетпес үшін оны қоршау керек», – дейді Кентау қаласының тұрғыны Бақтияр Ғафуров.

Ықтимал ақаулар аймағында бірнеше тұрғын үй орналасқан, сауықтыру орталығы мен түсті металдарды өңдеу зауыты салынған. Сондай-ақ аумақта суды жинау және тазарту қондырғысы бар. Жергілікті тұрғындардың айтуынша, суды Кентау қаласының тұрғындары ғана емес, облыс орталығы да сол жерден алады.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close