Қаржы және төлемдер
Кибералаяқтар енді Әлихан Смайыловтың суретін пайдаланып жатыр

Instagram әлеуметтік желісінде тараған жарнамада жалған брокерлер мен крипто-алаяқтар жазаланады, ал зардап шеккендер өз ақшаларын қайтарады делінген. Ақшаны қайтару үшін 72 сағат қажет екен. Бұл жолы киберқылмыскерлер ҚР Жоғары аудиторлық палатасының төрағасы Әлихан Смайыловтың суретін пайдаланған. Бұл алдау әрекеті.
«Алаяқтар ескі схемамен әрекет етіп жатыр. Олар мемлекеттік ұйымдардың қолдауын ұсынады – жарнамада ҚР Ұлттық қауіпсіздік комитетіне баса назар аударылып, белгілі қазақстандықтардың суреттері пайдаланылған. Алаяқтар ҚР Жоғары аудиторлық палатасының басшысы Әлихан Смайыловтың суретімен хабарландыруға адамдардың назар аударады. Алайда, аталған мемлекеттік ұйымның ресми сайтында жалған брокерлер ұрлаған қаражатты қайтару жөніндегі бағдарламаны іске қосу туралы ақпарат жоқ», — деп хабарлады Fakenews.kz.
Жарнамада өтініш беріп, маманның қоңырауын күту керек делінген.
«Деректеріңізді күмәнді сайттарда қалдырмаңыз – осылайша алаяқтарға жеке ақпаратты беруіңіз ықтимал, ал олар оны өз мүддесіне сай пайдаланады», — делінген материалда.