Жаңалықтар

Кіші Талдыкөлге кәріз суы төгіліп жатыр ма?

Фото: inbusiness.kz

«Кіші Талдыкөл №7 аймағы қалдыққа толып жатыр» деп дабыл қағады тұрғындар. Бұл туралы «Власть» хабарлады.

«Шамамен бір ай бұрын түнде кәріз суларының көлге қалай ағылып жатқанын байқадым. Осы кездері қолаң иіс пайда болды. Кәріздің кесірінен көл жасыл түске боялған. Былтыр мұнда аққулар ұшқан, ал биыл олардың ізі де көрінбейді», — дейді жергілікті тұрғындардың бірі Айғаным Дүйсембаева.

Әкімдік үнсіз емес. Жауапты мекеме мұны жоққа шығарды, қазір онда жылу магистралінің құрылысы жүріп жатқанын, біраз уақыттан кейін оны абаттандыру жоспарланып отырғанын хабарлады.

«Бұл аумақта құрылыс қоқыстарын тазарту жұмыстары жүргізілген. Қазір жылу магистралін төсеу үшін траншея дайындалып жатыр», — делінген ведомствоның жауабында.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close