Жаңалықтар

«Клубта ішіп жүрді». «Асар-Уме» қорының еріктісі Салтанаттың отбасынан кешірім сұрады

Фото: видеодан скрин

«Асар-Уме» қайырымдылық қорының еріктісі Елжас Шора осыған дейін Салтанат Нүкенова күйеуін өзін өлтіруге итермелегенін айтып, басы дауға қалған болатын. Енді ол осы сөзі үшін марқұмның отбасынан кешірім сұрады, деп хабарлайды qandastar.kz     Skifnews.kz ақпарат порталына сілтеме жасап.

«Осыдан 3-4 күн бұрын марқұм Салтанат туралы ойымды білдіріп, пікір қалдырған едім. Шамалы уақыттан кейін оның қате екенін түсініп, бірден өшіріп тастадым. Бірақ оқырман скриншот жасап, жан-жаққа таратып үлгеріпті. Халық мені Бишімбаевты қолдайды деп отыр. Бірақ олай емес, ниетім басқа болды. Мен «Асар-Уме» қорының қызметкері емеспін, еріктісімін. Бұл қателігімнің, жазғанымгың қорға ешбір қатысы жоқ. Наразылықтар менің тарапыма болса деймін. Салтанаттың отбасы және «Асар-Уме» қорынан кешірім сұраймын», – дейді Елжас Шора.

Айта кетейік, «Асар-Уме» атты қайырымдылық қордың еріктісі Елжас Шора тұрмыстық зорлық-зомбылықтан қаза тапқан Салтанат Нүкенованы «клубтарда мас болып жүрген, күйеуін өзін өлтіруге итермелеген» деп қаралап, басы дауға қалды.

«Өкінішке қарай, арақ-шарап ішетін, темекі шегетін әйел кісілер бар. Клубта істейтін таныс жігіт Салтанат министрдің әйелі бола тұра қысқа көйлек киіп, мас болып, клубтарда жүретін дейді. Аллаһ кешірсін, қатты айтсам, ақиқатты айту керек. Әрине бұл ажал. Осы өлімге күйеуін итермелеген Салтанаттың өзі деп ойлаймын… Салтанаттың жағдайы барша әйелге сабақ болсын», – деп жазған ол.

Қазақстандық азамат осы жазбасымен «әйелдерді ақылды болуға» шақырыпты-мыс.

Салтанат Нүкенованың ағасы Айтбек Амангелді бұл жазбаны сынады. Ол Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен Асар-Уме қайырымдылық қорына тексеріс жүргізуді сұраған. Желі қолданушылары Айтбек Амангендіні қолдап, оның жазбасын бөлісіп жатыр.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close