Жаңалықтар
Қоғам белсендісі БАҚ-та жарияланған денсаулық сақтау министрлігінің есебіне наразылық білдірді

Фото: Stan.kz
Қоғам белсендісі, Қазақстан ата-аналар қауымдастығының басшысы Бағила Балтабай БАҚ-та тараған денсаулық сақтау министрлігінің ЛГБТ туралы есебіне қатысты министрлік ғимаратына барды. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Бұл туралы қоғам белсендісі әлеуметтік желідегі парақшасында хабарлады.
«Бүгін мен денсаулық сақтау министрлігінде келдім, себебі кеше түнде Kursiv.media және BES.media деген парақшаларда денсаулық сақтау министрлігі ЛГБТ бойынша өз тұжырымдамасын шығарды деген ақпарат пайда болды. Осыған байланысты мен министрлікке келіп, бұл жағдайды анықтап, барлық мәліметтерді нақтылау үшін осындамын”, – дейді белсенді.
Белсенді аталмыш парақшалардағы министрлікке сілтеме жасап жарияланған ақпараттарды сақтап алған. Тақырыптарға қарағанда, министрлік есебінде ЛГБТ қозғалысының жастарға кері әсер етпейтіні, тіпті оң әсер ететіні айтылған. Алайда мақала авторлары ақпаратты белгісіз себеппен өшіріп тастаған.
Еске салсақ, бұған дейін депутат АҚШ-тың USAID агенттігі Қазақстанда ЛГБТ ұйымдарын қаржыландыратынын айтып, шағым білдірген еді.