Мәдениет
«Қоғамға тигізетін зияны көп»: Жазира Байырбекова ішімдіктерді сатылымнан алып тастауды ұсынды
Фото: жеке қорынан
Танымал әнші Жазира Байырбекова ішімдікті сатуға тыйым салу керегін айтты. Бұл туралы qandastar.kz Stan.kz ақпарат агенттігіне сілтеме жасап хабарлайды.
Өнер иесі қоғамға тигізетін зияны көп сусыннан аулақ жүруге үндеді.
«Спирттік ішімдіктің қоғамға, отбасына тигізіп жатқан зияны көп. Дәл осы нәрсені сатылымнан алып тастаса, көп проблема шешілер еді. «Agugai_ansambl» біздің жігіттер де ішімдікке қарсы. Араққа құмар адаммен бір үйде тұратын адамның жүйкесі әлсірейді. Сіз спирттік ішімдіктің сатылымнан алып тастағанын қолдайсыз ба?», – деп жазды ол.
Желі қолданушылары түрлі пікір білдіріп, өнер иесінің бастамасын қолдап жатыр.
“Біздің дүкеніміз бар, темекі арақ сатпаймыз. Оларсыз да берекесі бар, ондай зиян заттар сатып, біреудің берекесін алғымыз келмейді”, «Толық келісемін», «Сатуға да, ішімдік өнімдерін шығаруға да қарсымын. Мүлдем шығармаса екен. Соның кесірінен қаншама адам зардап шегіп жатыр», «Қазақстанда ішімдіктің қай түрі болса да сатылымнан алып тастау керек», – деп жазып жатыр әлеуметтік желідегі оқырман қауым.
Еске салайық, Жазира Байырбекова он екіде туған күнмен құттықтайтындарға үндеу жасаған еді.