Жаңалықтар

Қолданыстағы Су кодексіне 272 түзету енгізілді

Фото:Су ресурстары және ирригация министрлігі

Қолданыстағы Су кодексіне 272 түзету енгізілді, деп жазды qandastar.kz

Алайда сала сарапшысы Әмірхан Кеншімовтің сөзінше, көптеген нормалар декларативті, кей нормалар қайталанады және логикалық тұрғыда сәйкес келмейді. Сондықтан жаңа Су кодексін қабылдау қажет деген пікірде.

«2003 жылы қабылданған Су кодексі сол кездегі су саясаты мен экономикалық жағдайды назарға ала отырып жасалды. Сол себепті климаттық өзгерістер орын алып жатқан қазіргі заман сұранысына сай емес. Жаңа редакцияда кодекс нормалары жүйеленіп, су ресурстарын үнемдеуге және оны қорғауға басымдық беріледі. Мәселен, бассейндік инспекцияларға мемлекеттік бақылау функцияларымен қатар тергеу функциялары да беріліп отыр. Бұл суды заңсыз пайдаланушылармен күресті күшейтуге мүмкіндік береді», – деді инженер-гидротехник Әмірхан Кеншімов.

Су ресурстары және ирригация министрлігі әзірлеген жаңа Су кодексінің жобасын Мәжіліс депутаттары бірінші оқылымда бірауыздан мақұлдады.   Құжат климаттың өзгеруіне бейімделуге және су үнемдеу принциптерін енгізуге айрықша назар аударады. Алғаш рет су нысандарын сарқылудан және басқа да жағымсыз салдардан қорғайтын «экологиялық ағын» ұғымы енгізіледі. Сондай-ақ, шағын көлдерді, өзендер мен тоғандарды, мұздықтар мен сулы-батпақты аймақтарды қорғау жөнінде нормалар енгізілді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close