Әлем жаңалықтары
“Қолдау көрсетулеріңізді сұраймын”: Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Черчесов өзінің қазақ тілін үйренуді бастағанын мәлімдеді

Фото: ашық дереккөз
Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Станислав Черчесов өзінің қазақ тілін үйренуді бастағанын мәлімдеді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды.
Баспасөз мәслихатында өзіне қазақ тілінде сұраққа қойылғанына шағымданған футболдан Қазақстан щұрамасының бапкері желіде жазба жариялап, қазақ тілін үйренуді бастағанын мәлімдеді.
«Армысыздар! Достар, мен Қазақстан секілді әдемі әрі қонақжай елде болғаныма қуаныштымын. Бізді алда көп жұмыс күтіп тұр, осы қиын жолда бізге түсіністікпен қарап, қолдау көрсетулеріңізді сұраймын. Біз күшімізді біріктіру арқылы ғана үлкен нәтижелерге қол жеткізе аламыз. Бүгіннен бастап қарым-қатынасымыз бен түсінісуімізде маңызды рөл атқаратын қазақ тілін үйрене бастадым. Бүгін мен бірінші сабағымды өткіздім. Қазақ тілін меңгерк маған тезірек үйреніп, еліңіздің мәдениеті мен дәстүрін жақсырақ түсінуге көмектесетініне сенімдімін. Рахмет” – деп жазды бапкер.
Еске салсақ, Футболдан Қазақстан құрамасының бапкері Станислав Черчесов баспасөз мәслихатында өзіне қазақ тілінде сұраққа қойылғанына шағымданды.
Журналистердің бірі бапкерге қазақ тілінде сұрақ қойған. Ал бапкер оның сұрағын түсінбейтінін айтып аудармашының көмегіне жүгініпті.