Әлеумет және қоғам

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу заңда жоқ – депутат

Фото: тенгриньюс

Көлікті 5 минуттан артық қыздырғаны үшін айыппұл салу заңда жоқ болып шықты, деп хабарлайды qandastar.kz Ұлысмедиаға сілтеп. 

Көлікті бес минуттан артық қыздыруға заңда тыйым салынбаған. Бұл туралы Мәжіліс депутаты, заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің мүшесі Бақытжан Базарбек мәлімдеді. Ол комитет тиісті түзетулер енгізгенін, оған сәйкес осындай нормаларды жергілікті өкілді органдар – мәслихаттар бекіте алатынын атап өтті.

– Сіздер (мемлекеттік органдар) заңда “бес минут” деген түсініктің жоқ екенін түсіндірулеріңіз керек еді. Осылай шулатып жіберген өздеріңіз, қазір бүкіл халық бес минут туралы айтып жүр. Мұны ішкі істер министрлігі мен басқа да мемлекеттік органдар бірігіп түсіндіруі тиіс еді. Ал қазір, түсіндіру жұмыстарының жүргізілмеуінің салдарын көріп отырмыз. Көптеген адам осы мәселені хайпқа айналдырып жіберді, – деді депутат.

Өз кезегінде ішкі істер министрінің орынбасары Игорь Лепеха бес минут туралы норма жол қозғалысы туралы заңда «тоқтап тұру» мен «тұрақ» ұғымдарын ажырату үшін қолданылғанын айтады.

Қозғалтқышты қыздыру туралы заңда бес минут деген талап жоқ. Егер тұрғындарға қолайсыздық тудырып, кедергі жасайтын болса тек механикалық көліктердің қозғалтқышы қосулы күйде елді мекендердің арасында тоқтап тұруына тыйым салынады. Бұл норма бойынша тек шағым түскен жағдайда ғана жауапкершілікке тартылады. Өткен жылы осындай үш жағдай болды, оның біреуін прокуратура тоқтатты. Яғни, қозғалтқышты қыздырғаны үшін ешкімге айыппұл салынған жоқ. Бұл – қолдан жасалған проблема», – деп сендірді вице-министр.

Бұған дейін Мәжіліс депутаты Серік Ерубаев өңірлердің температуралық режимі мен климатын ескере отырып, қосулы көлікке қатысты норманы қайта қарауды сұраған болатын.

Ал ҚР ІІМ бұл жаңашылдық емес екенін, аталған норманың қолданысқа енгізілгеннен бері 20 жылдан астам уақыт өткенін атап өтті.

ҚР ІІМ Әкімшілік полиция комитеті бұл ретте ҚР ӘҚБтК-нің 597-бабынан бұзғаны үшін азаматтарға 5 АЕК (19 660 теңге) мөлшерінде, ал қайталап бұзғаны үшін – 10 АЕК (39 320 теңге) мөлшерінде айыппұл қарастырылатынын еске салды.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close