Жаңалықтар

«Көмек көрсетіледі». ІІМ жол апатынан қаза тапқан полицейлерге қатысты пікір білдірді

Фото: facebook.com/erzhansadenov

Ішкі істер министрі Ержан Сәденов Facebook желісіндегі парақшасында Жамбыл облысындағы тас жолда болған жол апатынан қаза тапқандардың отбасына көңіл айтты деп хабарлайды Ozgeris.Info.

«Жамбыл облысында жол қауіпсіздігін қамтамасыз етіп жүріп, қызметтік борышын орындау барысында қаза тапқан полиция қызметкерлерінің отбасына және жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Олардың елге сіңірген еңбегі ешқашан ұмытылмайды. Қаза тапқандардың отбасыларына барлық қажетті көмек көрсетіледі. Қайғылы оқиғаның мән-жайын тергеу барысы менің жеке бақылауымда», — деп жазды ІІМ басшысы.

Кеше түнде Меркі-Шу-Бурылбайтал тасжолында Toyota Alphard минивэні мен Skoda Octavia полицей көлігі бетпе-бет соқтығысып, минивэн өртеніп кеткенін бұған дейін хабарлаған болатынбыз. Оқиға салдарынан екі полиция қызметкері мен минивэннің төрт жолаушысы оқиға орнында көз жұмды. Кейінірек ІІМ болған оқиғаның егжей-тегжейін хабарлады.

Белгілі болғандай, қаза тапқан полиция қызметкерлерінің бірі 11 баланы тәрбиелеп отырған көп балалы әке екен.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close