Жаңалықтар
Көшеде «қарумен» жүрген никабтағы қыздар ақтаулықтардың зәресін алды
Фото: Lada.kz
Ақтауда никаб киген екі қыз ойыншық автоматтарын ұстап, түнде көше аралап жүрген. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Lada.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
Ақтау тұрғыны жабық киінген қыздардың қару асынып жүргенінен шошып қалған. 26 шілдеде кешке ол күйеуімен кафеден үйіне жаяу қайтып келе жатқан. 5-ықшамауданнан 4-ықшамауданға қарай жолды кесіп өтіп бара жатқан екен. Сол кезде ер адамға автомат кезеген екі қызды көріпті.
“Олар мәз болып, күліп жатты. Шынымды айтсам, мен таң қалдым, өйткені басында бұл ойыншық автомат екенін білмедім. Кейін атылған даусына қарап, ойын екенін түсіндім”, – дейді тұрғын.
Ол мұндай әзілдің орынсыз екенін айтты.
“Олардың арам ойы болмағанын білемін. Меніңше, ерегесіп істеген сияқты. Десе де бұл мүлдем күлкілі емес. Сол кезде мен қатты қорқып кеттім», – деді ол.