ҚР азаматтығын алу

ҚР азаматтығына қабылдаудың жалпыға бірдей тәртібі

Жеңілдетілген тәртіппен азаматтыққа қабылдау  құқығы жоқ және Қазақстан Республикасының азаматтығын қабылдауға ниет білдірген шетелдіктер тұрғылықты жері бойынша көші-қон полициясының аумақтық бөлімшелеріне  өтінішхат  беруі тиіс. Өтінішхат Қазақстан Республикасы президентінің атына беріледі. Өтініште азаматтыққа қабылдау себептері көрсетілуі тиіс.
Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау бойынша өтінішхаттарды (өтініштерді) қабылдау, ресімдеу және қарау қағидаларына Ішкі істер органдарының Қазақстан Республикасы азаматтығымен байланысты  мәселелерді қарау бойынша өтінішке мынадай құжаттар қоса тіркеледі:

  • белгіленген нысан бойынша сауалнама-өтініш;
  • өмірбаян;
  • өлшемі 3,5 х 4,5 см. төрт фотосурет;
  • Қазақстан Республикасының «Қазақстан Республикасының азаматтығы туралы» Заңының 1 бабында көзделген шарттарды сақтау туралы міндеттемесі;
  • жеке басын куәландыратын және Келісімге қатысушы елдердің біреуінің азаматтығына тиесілігін растайтын құжаттың көшірмесі;
  • АЕК көлемінде мемлекеттік баж салығының төленгені немесе оны төлеуден босатылғаны туралы құжат;
  • басқа мемлекеттің құзыретті органмен берілген бұрынғы азаматтығы  жоқтығы немесе  тоқтатылғаны туралы анықтама.

Аталған құжаттардан басқа:

  • Қазақстан Республикасы Президентінің  2005 жылғы 6 маусымдағы N 1587 Жарлығымен оларға қатысты азаматтыққа қабылдаудың жеңілдетілген тәртібі белгіленген адамдар үшін кәсіптер мен талаптар тізбесінің  талаптарына жауап беретін  адамдар   – бейінді мемлекеттік органның өтінішхатын;
  • Қазақстан Республикасына тарихи Отаны ретінде тұрақты тұруға қайтып келген адамдар үшін – оралман куәлігі  және бұрынғы азаматтығынаан бас тарту туралы өтініші;
  • Қазақстан Республикасының азаматтығына қабылдау туралы өтінішхат (өтініш) білдірген адам өтініш берген сәтте Қазақстан Республикасының азаматымен некеде тұрса, онда неке туралы куәліктің нотариалды куәландырған көшірмесін тапсырады.
  • Қазақстан Республикасына тұрақты тұру мақсатында келген және жақын туыстарының біреуі Қазақстан Республикасының азаматтары болып табылатын бұрынғы одақтас республикалардың азаматтары олардың Қазақстан Республикасының азаматтарымен туыстық деңгейін куәландыратын құжаттарды (туу туралы куәлік, неке туралы куәлік және т.б.) ұсынады.

Аудандық (қалалық) ішкі істер органдары  азаматтыққа қабылдау туралы мәліметтерді облыстардың және Астана, Алматы және Шымкент қалаларының Ішкі істер департаменттеріне тапсырады, ал олар  құжаттарды тексеріп, олар бойынша тұжырымдама жасап, Ішкі Істер министрлігіне табыстайды. ІІМ ол мәліметтерді өз тұжырымдамасымен бірге Қазақстан Республикасы Президенті Әкімшілігінің Мемлекеттік-құқықтық бөліміне жолдайды.

egov.kz

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close