Қаржы және төлемдер
Кредитті мерзімінен бұрын өтеу тиімді ме?
Фото: ашық дереккөз
Кредитті мерзімінен бұрын өтеген кезде нені білу керек? Fingramota.kz маңызды сұрақтарға жауап берді, – деп хабарлайды qandastar.kz Massaget.kz тілшісіне сілтеме жасап.
Банктер немесе МҚҰ-да қарыз шартын жасаған кезде оған қоса міндетті түрде төлемдер кестесі беріледі. Онда қарызды өтеу мерзімдері мен мөлшерлері көрсетіледі.
Мерзімінен бұрын өтеген кезде сіз кредитті пайдаланған нақты мерзімге ғана төлем жасай отырып, артық төлемді азайтасыз. Егер кредит, мысалы, бөліп төлеу сияқты пайызсыз болмаса, осы функцияны пайдалана отырып, біршама үнемдеуге болады.