Азамат есімді түркістандық блогер енесімен бірге видео жариялап, қарт кісіге пранк жасағанын жазды, деп хабарлайды qandastar.kz порталы.
Ол енесін сырғанаққа әкеледі.
Үлкен кісі сырғанап бара жатып, құлап түседі.
Желі қолданушылары видеоны әртүрлі қабылдады.
Бірі күліп жатса, өзгелері апаның жағдайын уайымдап қалды.
«Бүкіл күйеу балалардың ақысын алыпсыз», «Кешір Аллам күлмеймін десемде күліп қойдым», «Біраз адамның арманын орындадың-ау» және «Қарт адамдардың сүйегі нәзік болады» деп жазып жатыр олар.



