Әлем жаңалықтары

Күйеуінен зорлық-зомбылық көргендерге ажырасқан соң үй беріледі

Фото:istockphoto.com

Өзбекстан Парламентінің жоғарғы палатасы – Олий Мажлис Сенаты әйелдер құқығын қорғау және отбасы институтын нығайтуға бағытталған заңды мақұлдады. Бұл туралы Сенаттың баспасөз қызметі хабарлады, – деп хабарлайды  qandastar.kz

Жаңа заң некені бұзу және тұрмыстық зорлық-зомбылыққа байланысты тұрғын үй дауларын қарау тәртібіне өзгерістер енгізеді. Құжатқа сәйкес, зорлық-зомбылыққа ұшыраған адам тиісті талап қойған жағдайда, сот тараптардың татуласуы үшін заңда белгіленген мерзімді алып тастай алады. Бұл өзгеріс жәбірленушілердің құқықтарын қорғау процесін жеделдетуге бағытталған.

Aikyn.kz жазғандай, тұрғын үй дауларын шешу кезінде сот мүліктің меншік иесін жәбірленушіге тұратын баспана ұсынуға міндеттей алады. Меншік иесі жәбірленушіні басқа баспанаға көшіруі немесе тұрғын үйді жалға алу шығындарын өтеуі мүмкін.

Заң шығарушылардың айтуынша, бұл қадам тұрмыстық зорлық-зомбылық көрген азаматтарға қолдау көрсету тетіктерін жетілдіруге арналған. Сенаттың хабарламасында құжаттың жәбірленушілердің мүдделерін қорғаудың құқықтық негіздерін нығайтып, әйелдердің қоғамдағы жағдайын жақсартуға ықпал ететіні атап өтілді. Заң халықтың осал топтары үшін қауіпсіз орта құруға бағытталған мемлекеттік саясат аясында әзірленген.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close