Жаңалықтар

Құрдастарын ұрып, камераға түсірген жасөспірімдер жазаланбақ

Фото: видеодан скриншот

Жасөспірімдер арасындағы бұзақылықтың тағы бір оқиғасы – баланы көпшіліктің көзінше ұрып-соқанымен қоймай, камераға жазып алған, деп хабарлады Qandastar.kz.

21 шілде күні Алматы облысының Талғар ауданында үш жасөспірім адам жоқ жерде баланы қыздардың көзінше ұрып-соғып, бәрін камераға түсіріп алған. Ол видеоны кейін келемеждеу үшін пайдалану мақсатында сақтаймыз деп ойлаған.

Оқиғаны бастан-аяқ адвокат Алена Нефф өзінің Instagram парақшасында жариялады. Бұл жағдай жазда болған.

Адвокаттың айтуынша, бұл жасөспірімдер бұған дейін де осындай әрекеттер жасап, жауапкершіліктен құтылып кеткен.

Жәбірленуші бала бұрын осы топпен дос болған, бірақ достарының кіші балаларға жасайтын әрекеттері ұнамағаннан кейін қарым-қатынасты үзген.

– Бірнеше апта бойы ескі достары бұны түрлі сылтаулармен кездесуге шақырған. Алайда бала достарымен кездесуге аса құнттамаған, – деп жазды қорғаушы.

Ақырында жеткіншектер баланы қаңырап бос жатқан далада соққыға жыққан.

«Баланың бетінде ісікпен бірге гематома түріндегі жарақаттар және таяқпен ұрғаннан қолында жарақаттар пайда болды. Үшеуі де осы бейнежазбаны түсірді. Біз олардың үшеуі де жауапқа тартылады деп үміттенеміз», – деп атап өтті құқық қорғаушы.

Жәбірленуші баланы ата-анасы осы видеодан кейін полицияға жүгінген.

Редакцияның сауалына Алматы облысы полиция департаментінде қасақана жеңіл дене жарақатын салу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалғанын хабарлады.

«Қазір толық әрі жан-жақты және объективті зерттеу үшін барлық қажетті тергеу іс-шаралары жүргізілуде. Тергеу жалғасып жатыр», деп хабарлады полиция басқармасы.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close