Әлем жаңалықтары
Қытайдағы қазақ қызы Азия ойындарында чемпион атанды

Фото: ашық дереккөз
Қытай құрамасының мүшесі Ақнар Адаққызы Харбинде өтіп жатқан IX Қысқы Азия ойындарында алтын медаль жеңіп алды, деп жазды qandastar.kz
Ол конькимен жүгіруден әйелдер арасындағы командалық із қуу жарысының финалында Хань Мэй және Ян Биньюймен бірге Қытай құрамасының сапында өнер көрсетіп, қарсыластарынан озып шықты. Жеңімпаз команданың нәтижесі – 3 минут 02.75 секунд.
Бұл сайыста Жапония құрамасы күміс, ал Оңтүстік Корея командасы қола медаль еншіледі.
Ақнар Адақ – Қытайдың Шыңжаң өлкесі, Құтыби ауданында дүниеге келген этникалық қазақ.
Ақнар Адақтың бұл жеңісі қазақстандық спортсүйер қауым үшін де үлкен қуаныш болды. Әлеуметтік желі қолданушылары жеңімпазды құттықтап, пікір жазған.