Жаңалықтар
“Қытайға тірідей алып кет!” — Жамбыл әкімдігі инвесторға жер бермейтін болды

Фото: ашық дереккөз
Жамбылда «есек бағып, ебін табам» — деген инвесторға ақыры жер берілмейтін болды, деп хабарлайды qandastar.kz atamekenbusiness_qaz телеграмм каналына сілтеме жасай отырып.
Тіпті жергілікті билік 2 мың бас есекті Қытай асырып жібермек. Ал көптің сынына қалған зауыт салу ісінің де соңы сұйылған көрінеді.
Есте болса, осыдан 2 ай бұрын Жамбыл жұрты «жайылымды есек жайпады!» – деп есі шыққан. Көп ұзамай мал иесі анықталып, аймақ басшысынан зауыт үшін 10 мың га жер сұрайды. «3 млрд тг құямын!» — деген қытайлық инвестор мал сүтінен дәрі жасап, етін көршілес елге жөнелтемін деген еді. Бірақ қалталы азамат пен аймақ басшылары мақұлдаса алмаған сыңайлы. Өйткені мыңғырған малдың иесі әуелі жануарға иен салмапты. Тіпті жайылымға жайып, бірнеше рет айыппұл арқалаған. Сорақысы 400 га жерге баққанмен, жер пайдалану бойынша келісімі де болмаған.
“Нақты егесі бар. Кімнің атында тіркелгені белгілі. Енді Қытайға тірідей алып кет деген талап қойып отырмыз”, — деді Жамбыл облысы әкімінің орынбасары Әбілқайыр Тамабек.