Әлем жаңалықтарыЖаңалықтар

Қытайлық компания мұнай іздеуге кіріседі – қазақстандықтар қарсылық білдіруде

Фото:Zbynek Burival

Қытай компаниясы Қазақстанда мұнай іздеу үшін ұңғымалар бұрғылайды, деп хабарлайды qandastar.kz

Alash.kz жазғандай,  жеке меншік Kazakhstan FengYuanXinMao Energy Ltd. компаниясы, Астана халықаралық қаржы орталығында (АХҚО) тіркелген, Атырау облысындағы Қызылқала және Дүйсеке-Күлсары аумақтарында алты барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарын ұсынды. Гонконгта (ҚХР) тіркелген GLORY ROAD TRADING LIMITED компаниясына тиесілі бұл кәсіпорынды Лю Пэн басқарады, деп Курсив жазған болатын.

«Жоспарланған қызмет аясында 500,55 шақырымдық 2D МОГТ сейсмикалық барлау жұмыстары (жалпы тереңдік нүктесі әдісі – бірнеше рет тіркеу мен сейсмикалық сигналдарды жинақтауға негізделген) жүргізіледі. Сондай-ақ 7 000 метрліктереңдікке дейін екі тәуелсіз барлау ұңғымасы бұрғыланады: Қ-1 (Қызылқала)және ДК-1 (Дүйсеке-Күлсары). Бұдан бөлек, төрт қосымша барлау ұңғымасын бұрғылау жоспарланған», – делінген «Курсив» басылымының қолында бар компания мәлімдемесінде.

Бұрғылау 2026–2029 жылдарыжүргізіледі. Қосымша ұңғымаларды бұрғылау қажеттілігі тәуелсіз ұңғымалар нәтижесіне байланысты анықталады, яғни егер олардан оң нәтиже шықса, қосымша ұңғымалар қазылады. Келісімшарт аумағы Атырау облысы, Жылыой ауданындаорналасқан. Бұрғылау қорытындысы бойынша компания қабаттардың құрамын талдап, анықталған мұнай-газ кен орындарының С2 және С1 санатындағы қорларын бағаламақ.

Қазақ халқының қарсылығы:

Алайда, бұл жаңалық қоғамда үлкен қарсылық тудырды. Әлеуметтік желі қолданушылары Қазақстанның жер асты байлығы өзіміздің емес, шетелдік компаниялардың қолына өтіп жатқанын сынға алды.

Желі қолданушыларының пікірлері:
📌 «Қашан біз өз ресурстарымызды өзіміз басқарамыз?»
📌 «Өзге елдерге құл боламыз енді…»
📌 «Келешек ұрпаққа не қалдырамыз? Сатылмаған байлық қалды ма?»
📌 «Қақпағы ашық қалған қазан болды ғой біздің Қазақстан. Әркім қалағанын алып кетеді. 30 жылдан асты, өз мұнайымызды өзіміз өңдеп, сыртқа қымбатқа сатуды әлі күнге білмейміз…»

Қазақстан халқы шетелдік инвесторларға жер қойнауындағы байлықты берудің орнына, отандық өндірісті күшейту, мұнай мен газды өзіміз өңдеу, және ұлттық ресурстарды Қазақстан азаматтарының игілігіне жұмсауқажеттігін талап етуде.

Еске сала кетейік, Қазақстанда көмірсутектер бойынша жер қойнауын пайдалану құқығын беру жөніндегі тоғызыншы электрондық аукцион 2024 жылғы 31 мамырда өткізілген болатын. Аукцион электрондық аукцион операторы – ҚР Қаржы министрлігінің «Ақпараттық-есептік орталығы» АҚ сайты арқылы өтті.

Былтырғы аукцион жеңісінен кейін, «Kazakhstan FengYuanXinMao Energy Ltd» Атырау облысындағы Тасшағылучаскесінде көмірсутек барлау жобасын әзірлеген. Бұл учаске Қайран, Актоты, Королевское және Теңіз кен орындарының жанында орналасқан. Бұрғылау кезінде 5 873 метр тереңдікте күшті газ көріністері байқалған. 6 295 метртереңдікте жоғары қысымға байланысты бұрғылау уақытша тоқтатылды. Сонымен қатар, Қарашүңгіл кен орнында бұрғылау кезінде газ конденсатының ағыны анықталған. Бұл келісімшарт 2030 жылдың 2 шілдесіне дейін жарамды және ұзартылуы мүмкін. Геологиялық блоктың ауданы 488,9 шаршы км құрайды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close