Жаңалықтар
Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі бойынша тағы бір айыпталушы сотталды
Фото: ашық дереккөз
Қызылордада оқушы қызды жезөкшелікке мәжбүрлеу ісі бойынша тағы бір айыпталушы сотталды, деп жазды qandastar.kz
Сот отырысы жабық өтті. Айыпталушы жәбірленушінінің кәмелет жасына толмағанын біле тұра, оны бірнеше рет психотроптық заттарды тұтынуға көндiрген. Сотталушының кінәсі оқиға орнын қарап-тексеру, беттестіру және жәбірленушінің жауаптарымен дәлелденді. Прокурор оны кінәлі деп танып, 8 жылға бас бостандығынан айыруды сұрады. Жәбірленушінің өкілі сотталушыға кешірім беретінін, бас бостандығынан айырмай, жаза тағайындау жөнінде ойын білдірді. Нәтижесінде сот үкімімен сотталушы жазасын 8 жыл түрмеде өтейді.