Жаңалықтар
Қызылордада тұрғын үйде газ жарылып, төрт жасөспірім ауруханаға жеткізілді
Фото: Қызылорда ТЖД
Қызылордада газ жарылуы салдарынан жеке тұрғын үй қирап қалды. Төрт жасөспірім жарақат алып, жансақтау бөліміне жеткізілді, деп хабарлайды Qandastar.kz.
Ведомство мәліметінше, 28 шілдеде сағат 19-дан 56 минут өткенде Қызылорда қаласының әл-Фараби шағын ауданында жеке тұрғын үйде газ жарылып, тұрғын үй қираған. Өрт болмаған.
«4 жасөспірім зардап шекті. Қазіргі таңда олар балалар ауруханасының жансақтау бөлімінде ем шараларын алуда», – делінген облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің хабарламасында.
ТЖД өкілдері ата-аналарға балалар мен жасөспірімдерді ересектердің бақылауынсыз қалдырмауды ескертті.
«Балаларға үнемі отбасында қауіпсіздік қағидасын қатаң сақтауды насихаттаңыздар! Әсіресе, электр, газ қондырғыларын пайдалануда қауіпсіздік ережесін сақтауды түсіндіріңіздер», – деді мамандар.
1 пікір