Жаңалықтар
Қызылордалық құтқарушылар аяғына айыр кіріп кеткен балаға көмектесті
Фото: ТЖМ
Оқиға қала маңындағы Махамбет ауылында орын алған, деп хабарлады Qandastar.kz. 2017 жылы туған ұл баланың аяғына айырдың тісі кіріп кеткен.
– Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары гидравликалық құралдардың көмегімен қысқа мерзімде айырдың тісін кесіп, баланың аяғын босатты. Алғашқы дәрігерлік көмек көрсетіп, оны жедел жәрдем бригадасына тапсырды, – делінген хабарламада.
ТЖМ күнделікті өмірдегі қауіпсіздік ережелерін сақтау қажеттігі туралы еске салады.