Жаңалықтар
ЛГБТ-ға қарсы петиция: Балаева қандай шешім шыққанын айтты
- Коллаж Ulysmedia.kz
Мәдениет және ақпарат министрі Аида Балаева ЛГБТ-ға қарсы петиция бойынша қандай шешім шыққанын айтып берді, деп хабарлайды Ulysmedia.kz.
– Биыл 10 маусымда ЛГБТ-ны ашық және жасырын түрде насихаттауға толық тыйым салу туралы өтініш келіп түсті. Бұл мәселе қоғамның үлкен резонансын туғызып, қызу пікірталасқа жалғасты. Өйткені қазір мемлекет тарапынан адам құқығына көп көңіл бөлініп отыр. Сондай-ақ, қазақстандықтар қоғамдық маңызды тақырыптарды талқылауға және мемлекеттік саясатты қалыптастыруға белсенді атсалысуда.
Жұмыс топтарына 45 адам кірген. Олардың ішінде құзырлы мемлекеттік органдардың өкілдері, Парламент депутаттары, қоғамдық бірлестіктер, сарапшылар мен барлық мүдделі тараптар қатысты. Петицияда көтерілген мәселелерді реттеуде халықаралық тәжірибе зерттелген.
– Бұл жұмыс петиция бойынша түпкілікті шешім қабылдауға жеткіліксіз. Зерттеулер мен талқылаулар қазір бұл бағытта ауқымды жұмыстарды жалғастырып, мәселені жан-жақты зерделеп, оны реттеудің нақты тетіктерін әзірлеу керектігін көрсетті. Бұл уақытта қажет етеді. Дегенмен, Мәдениет және ақпарат министрлігінің ұстанымы: кәмелетке толмағандардың құқығын қорғау және қауіпсіздігін қамтамасыз ету тұрғысынан петицияны ішінара қолдау, балаларға жыныстық қол сұғуға қарсы қылмыстардың өсу аясында жасөспірімдер мен балаларды жыныстық қатынастарды, оның ішінде дәстүрлі емес қатынастарды насихаттау мен куль жасаудан қорғау талабы өзекті әрі қажет. Балалардың қауіпсіз ақпараттық ортада өсіп, дамуы аса маңызды. Біздің ұрпақ алдындағы парызымыз – оларға дұрыс рухани адамгершілік, бағыт-бағдар беріп, дәстүрлі отбасылық құндылықтарды бойына сіңіру. Ұлттық мәдени мұраны ұстануға және генетикалық кодты сақтауға жағдай жасау өте өзекті, – дейді Аида Балаева.
Кеше Астанадда ЛГБТ насихатына қарсы жиын өткізілген. Мәдениет министрлігінің өкілі «ЛГБТ насихатына» қарсы петиция туралы өз пікірін білдірген еді. Жиын барысында ЛГБТ насихатына қарсы азаматтар да (оның ішінде Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин де бар), петицияға қарсы шықққандар да сөйледі. Петицияны қолдаушылар ұлттық таным-түсінікке, тәрбиеге қарсы екенін айтып, мұның ел демографиясына кері әсерін тигізетінін айтса, петицияға қарсылар құжат күшіне енсе, бұл адам құқығын шектеу екенін айтты. Жиында ЛГБТ өкілі екенін ашық айтқан адамдар да болды.