Әлем жаңалықтары
«Ливерпуль» Англия чемпионы атанды

Фото: ашық дереккөз
Ағылшын Премьер-лигасының 34-турында «Ливерпуль» клубы «Тоттенхэмді» 5:1 есебімен ірі жеңіске жетіп, АПЛ чемпионы атанды, – деп хабарлайды qandastar.kz Аikyn.kz-ке сілтеме жасап.
Голдарды Соланке (12′), Диас (16′), Макалистер (24′), Гакпо (34′) және Салах (63′) соқты, сондай-ақ 69-минутта «Тоттенхэм» қорғаушысы Удоги автоголмен есепті еселей түсті.
Бұл «Ливерпульдің» АПЛ тарихындағы екінші, ал жалпы Англия чемпионаттарындағы 20-шы чемпиондық атағы. Олар осылайша «Манчестер Юнайтедпен» чемпиондықтар саны бойынша теңесті, бірақ «МЮ»-де Премьер-лига дәуірінде 13 чемпиондық болса, «Ливерпульдің» енді екінші мәрте Премьер-лигада топ жаруы.
Айта кетейік, бұл чемпиондық «Ливерпуль» үшін ерекше маңызға ие болды. Команда Юрген Клопптың кетуінен кейін Арне Слоттың жетекшілігімен алғашқы маусымында-ақ чемпион атанып, «Манчестер Сити» клубының төрт жыл қатарынан жалғасқан чемпиондық сериясын тоқтатты.