Жаңалықтар

Лондонда қазақша сөйлеу клубы ашылды

 

Лондондағы Қазақ орталығы және еріктілер тобы қазақша сөйлеу клубын ашты. Мақсаты ұлы Абай тілін меңгергісі келетін шетелдіктер мен қандастарымыздың басын біріктіріп, тілдік орта қалыптастыру.

Клубтың тұсаукесер рәсіміне Kazinform-ның Тұманды Альбиондағы тілшіміз Ғалымжан Қараманұлы қатысып қайтты.

Стив Скрютин — қаржы саласының маманы. Ағылшын және орыс тілдерінде еркін сөйлейді. Енді міне қазақ тілін меңгергісі бар. Шаруаларын ысырып қойып, бүгін осында келді. Сөйлеу және тілді түсіну дағдыларын жетілдіру үшін көп еңбектену керектігін Стив мойындайды.

«Мен енді бастап жатырмын. Өзіммен деңгейлес тіл үйренушілерді таптым. Бұл тілді тез меңгеруіме көп көмегін тигізеді деп ойлаймын. Өйткені сөздік қорың және тілдік базаң олармен бірдей болады», — дейді Стив Скрютин.

Шетелдіктердің қазақ тілін үйренудегі мақсаты әр-алуан. Бірі Қазақстанға туристік сапармен барғысы келеді. Енді бірінің жұбайы қазақ ұлтынан. Қазақтілді адамға ғашық болып қалғандар да кездеседі. Тағы бірінің қазақ авторларының шығармаларын түпнұсқада оқып, түсінгісі бар.

«Ағылшын тілінің мұғалімі болған соң басқа тілдерді де меңгергім келеді. Қазақ тілінің дыбысталуы өте ұнайды. Өткен жылы өздігіммен үйренуге тырыстым. Бірақ олай қызық емес екен. Дыбысталуын есте сақтау қиын және ешкіммен сөйлесе алмайсың», — дейді ағылшын тілінің мұғалімі Себастьян Данн.

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close