Жаңалықтар

Мақпал Жүнісова үшем босанды

Перзентханадағы қызметкерлер әйелдің де, балалардың да жағдайы қалыпты екенін айтады,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Бірден үш перзентті болған ана барлық медициналық қызметкерлерге шынайы алғысын білдіріп, балалардың жағдайы қалыпты екенін жеткізді. Бұдан бөлек үш баласы бар отбасы енді көп балалы шаңырақ болып отыр.

«Мен, Мақпал Жүнісова үшем босандым. Жүктілік кезінде жанымда болған дәрігерлер мен медицина қызметкерлеріне алғысымды білдіргім келеді. Жүктіліктің 35 айында босандым, бәрі қалыпты өтті. Әрине, соңғы айда қиындау болды. Алғашында дәрігерлер егіз болады деген. Бірақ кейін үшем болатынын естігенде жолдасым екеуіміз қатты таңғалдық. Үйде тағы екі ұлым мен бір қызым бар. Енді, міне, Мирас, Гүлнәр және Гауһар есімді үшем өмірге келді», – дейді Мақпал Жүнісова.

 

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close