Жаңалықтар

МӘМС жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілмек

Фото: ашық дереккөз

МӘМС жүйесіне бірқатар өзгеріс енгізілмек, деп жазады qandastar.kz

Бүгін Мәжіліс міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру мәселелері туралы жаңа заң жобасын жұмысқа алды. Құжат Үкіметтің бастамасымен әзірленген. Жоба негізгі үш бағыттан тұрады.

«Біріншіден, Тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) пакетін 2027 жылға қарай екі есе, яғни, 57 пайыздан 32 пайызға дейін қысқарту. Сәйкесінше МӘМС пакетін 68 пайызға дейін ұлғайту. Екіншіден, жұмыс берушілер мен жұмыскерлер тарапынан МӘМС жарналары үшін төленетін табыстың жоғарғы шегін 10 еселенген ең төменгі жалақыдан 50-ге дейін арттыру. Үшіншіден, жергілікті бюджет қаражаты есебінен жұмыссыздар мен әлеуметтік әл-ауқаты дағдарыстық деңгейлерге жататын азаматтар үшін МӘМС-ке жарналар төлеу көздеу көзделіп отыр», — деді депутат Асхат Аймағамбетов.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close