Жаңалықтар

Маңғыстауда мұнай компаниясы миллиардтаған шығынды өтеді

Фото:Максим Богодвид

Маңғыстау облысының прокуратурасы кешенді тексеру жүргізіп, «Buzachi Operating Ltd» (Бузачи Оперейтинг Лтд) компаниясы филиалының жұмысынан өрескел бұзушылықтарды анықтады, деп хабарлайды qandastar.kz

Компания 6 жыл бойы мұнай мен газдың жер қойнауын пайдалану операцияларын жүргізген, мұнай мен газ шығын болған. Сондай-ақ уәкілетті органның рұқсатынсыз шикі газды жаққан.

Сот шешімімен Компания жалпы сомасы 8,4 млрд теңге залалды өтеуге міндеттелді.

Апелляциялық саты бірінші сатыдағы соттың шешімдерін өзгеріссіз қалдырды. Сот актілері заңды күшіне енді.

Осы жылдың наурыз айының басында Компания мемлекетке келтірілген залалды толығымен өтеді.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close