Жаңалықтар
Маңғыстауда сарыүйек деген жылан кадрға түсіп қалды

Желіде алып жылан түсірілген видео тарады. Ол Маңғыстау облысында түсірілген, деп жазады Qandastar.kz.
Кадрлардан жер бауырлап, шөп арасына енген үлкен жыланды көруге болады.
Орман шаруашылығы инспекциясының басшысы Ғаббас Досатовтың сөзінше, бұл сарыүйек деп аталатын жылан түрі.
Олар далалық және шөлейт аймақтарда кездеседі. Сондай-ақ Қызыл кітапқа енген.