Жаңалықтар
Маңғыстауда тұтас отбасы уланып, қаза тапты

Фото:әкімдік
Маңғыстау облысы Мұнайлы ауданы Басқұдық ауылындағы жеке тұрғын үйде тұтас бір отбасы мүшелері уланды, – деп хабарлайды qandastar.kz
Құтқарушылар мен жедел жәрдем бригадалары оқиға орнына жеткен кезде үйден жеті адамды тапты, олардың бесеуі кәмелетке толмаған балалар. Барлығы оқиға орнында қайтыс болды.
Маңғыстау облысы ТЖД-нің алдын ала болжамы бойынша, қайғылы оқиға газ жабдықтарын пайдалану ережесін бұзу салдарынан болған. Қаза тапқандар – Қазақстанда уақытша тұрып жатқан Өзбекстан азаматтары екені анықталды.
Төтенше оқиғаның себебін анықтау үшін арнайы комиссия құрылды. Оны Маңғыстау облысы әкімінің бірінші орынбасары Ербол Ізбергенов басқарады.
Қайтыс болған отбасының туыстарына жан-жақты көмек беріледі, соның ішінде жерлеу рәсімін ұйымдастыруға қолдау көрсетіледі.
Аталған оқиға Маңғыстау облысы әкімінің жеке бақылауында.