Әлеумет және қоғам

«Маңғыстаумұнайгаз» 32 млрд айыппұл арқалады

Фото: ашық дереккөз

«Маңғыстаумұнайгаз» АҚ-ның қызметінде ағынды суды жер қойнауына жіберу, сондай-ақ тиісті шектеу орнатпай бұрғылау қалдықтарын жинақтауға байланысты өрескел заң бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды qandastar.kz

Соттың 2024 жылғы 12 желтоқсандағы қаулысымен компания Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодекстің 328-бабымен әкімшілік жауапқа тартылып, 31 млрд теңге көлемінде айыппұл салынды.

Сот актісі заңды күшіне енді.

Сондай-ақ, мұнай жылыту пештерінен қоршаған ортаға ластаушы заттардың шамадан тыс шығарылу фактісі де анықталды. Аталған факт бойынша 2024 жылы 11 желтоқсанда компания қосымша әкімшілік жауапқа тартылып, 1,2 млрд теңге айыппұл салынды.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close