Жаңалықтар
Марат Әйтеновке қатысты сот шешімі шықты
Фото: Forbes.kz
Прокурор 12 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны тағайындауды сұрады. Сотталушы А. өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкініп, жиналған дәлелдерді дауламады.
Астананың қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған соты Шымкенттің экс-әкіміінің ағасы Марат Әйтеновке қатысты үкім шығарды, деп хабарлайды Skifnews.kz ақпарат порталы.
«1978 жылы туған Марат Әйтенов қылмыстық кодекстің „ұрып-соғу“ бабы бойынша қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп танылып, 12 тәулікке қамауға алу жазасы тағайындалсын», — делінген сот үкімінде.
Айыптаудың мәні
А. сот шешімінің негізінде сот орындаушылары жүргізген көшіру барысында Д.-ға, яғни бұрынғы жұбайына қатысты қасақана зорлық-зомбылық әрекеттерін жасап, оған көгерулер мен қанталау түрінде дене жарақатын келтірген.
Сотталушының кінәсі оқиға орнының жазбасымен, сот-медициналық сараптаманың қорытындысымен және істің басқа да материалдарымен дәлелденді.
Тараптардың ұстанымы
Прокурор 12 тәулік мерзімге қамауға алу түріндегі жазаны тағайындауды сұрады.
Сотталушы А. өзінің кінәсін мойындап, шын жүректен өкініп, жиналған дәлелдерді дауламады.
Жаза
ҚК 109-1-бабы 1-бөлігінің санкциясы 80 АЕК-ке дейінгі мөлшерде айыппұл салу не сол мөлшерде түзеу жұмыстарына, не 80 сағатқа дейінгі мерзімге қоғамдық жұмыстарға тарту, немесе 25 тәулікке дейінгі мерзімге қамаққа алу түріндегі жазаны көздейді.
Сотпен қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде шын жүректен өкіні мен 3 жас баласының болуы танылды.
Ауырлататын мән-жайлар анықталған жоқ.
ҚК 55-бабы 2-бөлімінің 1) тармағының талаптарына сәйкес, жеңілдететін мән-жайлар болған және ауырлататын мән-жайлар болмаған кезде қамаққа алу түріндегі жазаның мерзімі ½ мерзімнен аспауы тиіс (12 тәуліктен аспауы қажет).
Сот үкімімен А. ҚК-нің 109-1-бабының 1-бөлігінде көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасағаны үшін кінәлі деп итанылып, 12 тәулік мерзімге қамаққа алынды.
Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.