Жаңалықтар

Марқұм Бақыт Ибрагимнің мүлкі мемлекет меншігіне қайтарылды

Фото: ашық дереккөз

Qazaq Banki-нің бұрынғы негізгі акционері марқұм Бақыт Ибрагимге тиесілі жер мен жылжымайтын мүлік мемлекет меншігіне қайтарылды.

Прокурорлардың айтуынша, банкир жерді заңсыз алған. Ғимараттары бар учаске 357,7 млн ​​теңгеге бағаланды.
Бақыт Ибрагим экс-премьер Бақытжан Сағынтаевтың бұрынғы күйеубаласы. (Үлкен қызы Меруерт Әбдірмен некеде болған).

2020 жылы Жомарт Ертаевпен бірге RBK Bank-те «қаржы жымқырды» деп сотталып, былтыр күзде босап шыққан.

Биыл 14 наурызда өз-өзіне қол жұмсап, көз жұмды. Мәйітін жиені мен жалға алған үйінің қожайыны тауып алған еді.

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close