Жаңалықтар

Мас болған: Қызметтік көлікті жүргізіп кеткен шенеуніктің ұлы қамалды

Фото: ашық дереккөз

Маусым айының соңында Ақтөбе патрульдік полиция қызметкерлері «Жетісу» жағалауы маңында мас күйінде автокөлік жүргізген 32 жастағы Бауыржан Сағидоллаевты ұстады. Нәтижесінде, Ақтөбе облыстық орман шаруашылығы және жануарлар әлемі аумақтық инспекциясының басшысы Әділкерей Әуелбаев ұлының тәртіпсіздігі үшін жазаға тартылды, деп хабарлайды Qandastar.kz.

Бауыржан Сағидоллаев әкесінің қызметтік «Toyota Hilux» көлігін мас күйінде жүргізіп, Ақтөбеде тәртіп сақшыларының қолына түскен.

Сағидоллаев 15 тәулікке қамауда болып, 7 жылға жүргізуші куәлігінен айырылды.

Шенеуніктің өзі де қызметтік көлікті жеке мақсатта пайдаланғаны үшін әдеп кеңесінің алдында жауап берді. Әуелбаев оқиға болған сәтте демалыста болғанын және басқа қалада жүргенін айтып ақталды. Алайда, бұл сылтау оны тәртіптік жазадан босатпайтыны анық. Өйткені, кеңесте атап өткендей, қызметтік көліктер тек мемлекеттік қажеттіліктер үшін пайдаланылуы тиіс.

Осылайша Әділкерей Әуелбековке «қатаң» сөгіс жарияланды.

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close