Әлем жаңалықтары
Маск «Азаттық радиосы» мен «Америка дауысын» жабуды ұсынды

Фото: ашық дереккөз
Илон Маск «Азаттық радиосы» мен «Америка дауысын» жабуды ұсынды, деп жазды qandastar.kz
Ол өзінің X әлеуметтік желісінде АҚШ үкіметі қаржыландыратын екі ақпарат құралын енді ешкім тыңдамайды деп мәлімдеді. Илон Маск жазбасын АҚШ президентінің арнайы тапсырмалар жөніндегі арнайы өкілі, Ұлттық барлаудың бұрынғы директоры Ричард Гренеллдің X әлеуметтік желісіндегі жазбасына жауап ретінде жариялады.
“Бұл жай ғана өзара сөйлесіп отырған радикалды солшылдар, олар жылына салық төлеушілердің 1 млрд доллар ақшасын жұмсап отыр», – деп жазды Маск.