Жаңалықтар

«Мәжбүрлі түрде әкетуге құқылы»: Қорғаныс министрлігі әскерге шақырылушыларды ұстап әкету жайттарын түсіндірді

Ведомство өкілдері бұқаралық ақпарат құралдары мен әлеуметтік желілерде жастарды еркінен тыс ұстап алып, жергілікті әскери басқару органдарға жеткізіп жатқан бейнематериалдар тарап жатқанын атап өтті,-деп хабарлайды Qandastar.kz

Осыған байланысты Қорғаныс министрлігі әскери қызметке шақырудың қолданыстағы тәртібін түсіндірді. «Шақыру науқандары барысында кейбір азаматтардың әскери қызметтен жалтарып, жергілікті әскери басқару органдарына уақтылы бармау фактілері байқалады. Сонымен қатар әскерге шақыру жасындағы азаматтарды есепке алуда да қиындықтар туындайды.

Өйткені олардың көбі тіркелген жерінде тұрмайды, қоныс аударған жағдайда жаңа тұрғылықты мекенжайына тіркелмейді.

Қолданыстағы заңнамаға сәйкес шақыру қағазын әскерге шақырылушының жеке өзіне тапсыру мүмкін болмаған кезде оның келуін қамтамасыз ету ішкі істер органдарына жүктеледі. Рейд кезінде кейбір азаматтар ішкі істер органдары қызметкерлерінің заңды талаптарына бағынбай, қарсылық көрсетіп жатады. Мұндай жағдайда полиция қызметкерлері оларды мәжбүрлі түрде ұстап, шақыру пунктіне жеткізуге құқылы», – делінген ведомство хабарламасында.

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close