Жаңалықтар

Мәжіліс депутаты бензин тапшылығын сынады

Фото: ашық дереккөз

Жеті жыл ішінде елімізге 6 млн тоннадан астам мұнай өнімдері импортталды. Бұл туралы Мәжіліс депутаты Еділ Жаңбыршин айтты, деп жазды qandastar.kz

«Мұнай өңдеу қуатын ұлғайту және мұнай өнімдерінің сапасын арттыру мақсатында үш мұнай өңдеу зауытын жөндеуге және жаңғыртуға 2 трлн теңге жұмсалды. Бұл ретте мұнай мен газ конденсатын өңдеудің жыл сайынғы көлемі 18 млн тоннадан аспайды. Еліміздегі ішкі нарыққа қажетті мұнай өнімдерін жеткізуді тек отандық мұнай өндіру компаниялары қамтамасыз етіп отыр. Жоғарыда айтқанымыздай, олардың мұнай өндіру көлемі азайып жатыр. Сонымен қатар, бізде жыл сайын мұнай өнімдерінің тапшылығы байқалады, ол импорт есебінен жабылады. Мұнайдың үстінде отырған мемлекет үшін бұл нонсенс», – деді Еділ Жаңбыршин.

Сонымен қатар ол 7 жыл ішінде елімізге 6 млн тоннадан астам мұнай өнімдері импортталғанын алға тартты. 

Ілмектер

Осы айдарда

Пікір үстеу

Close