Жаңалықтар

Мәжіліс мақұлдаған заң жобасы балаларға 6 миллион теңге шамасында біржолғы төлем беруді қарастырады

Фото: parlam.kz

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге мәдениет және білім беру мәселелері бойынша енгізілетін өзгерістер мен толықтыруларды бірінші оқылымда мақұлдады. Заң жобасына депутаттар бастамашы болды, — деп хабарлайды qandastar.kz  Мәжіліске сілтеме жасап.

Aikyn.kz жазғандай,  Заң жобасы аясында халықаралық ғылыми жобалар конкурстарының жеңімпаздары мен жүлдегерлеріне, оларды дайындаған педагогтерге біржолғы төлем қарастырылады. Бұрын мұндай төлемдерді тек халықаралық пәндік олимпиадалардың жеңімпаздары ғана алатын. Бұл норма дарынды балалар мен олардың мұғалімдерін қолдауға бағытталған.

Оның қажеттілігі жайлы Президент Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 жылғы қазанда мәслихат депутаттарының форумында айтқан болатын. Осы санаттағы оқушыларға төленетін ең жоғары төлем 1500 АЕК немесе 6 миллион теңге шамасында болуы мүмкін, — делінген Мәжілістің хабарламасында.
Сонымен қатар түзетулерде мектеп жасындағы балаларға мәдени іс-шараларға қатысу үшін берілетін «Ақылман картасы» жобасын енгізу қарастырылған. Мектеп жасындағы балаларға абонемент жергілікті өкілді органдардың шешімімен беріледі, — дейді ресми ақпарат көзі.

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close