Мәдениет

Мейрамбек Беспаевтың әйелі жүкті екенін жариялады

Фото: видеодан скриншот

Мейрамбек Беспаевтың жары Мархабат Беспаева өзінің аяғы ауыр екенін мәлімдеді, деп хабарлайды qandastar.kz.

Бұл қуанышымен ол өзінің әлеуметтік парақшасында бір айдан бері парақшада көрінбей кетуінің себебін түсіндірді.

— “Әйел үшін қуанышқа толы ең бақытты кездердің бірі — ол 9 ай құрсағында сәбиін көтеріп жүру болса керек. Аллаға шүкір, осы әдемі кезеңді мен де міне, үшінші рет басымнан кешудемін, — деп жазды ол.

Араға 9 жыл салып көрген қуанышын оқырмандарымен бөліскенді  дұрыс санаған ол сәбиін қауышатын сәтін асыға  күтіп жүргенін мәлімдеді.

— Біз сені қатты күтудеміз, сәбиім! Сәби күтіп жүрген әр әйелге жұғысты болсын — деді ол.

Әлеуметтік парақшадағы оқырмандары жылы лебіздерін жеткізуде.

 

 

Ілмектер

Осы айдарда

Добавить комментарий

Close